М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасындағы ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 10.02. – 24.02.2025 аралығында 6В010301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» БББ 2-курс студенттеріне М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты И.У.Хасанова Балалар әдебиеті курсынан модульдік нысаны бойынша дәріс оқып, семинар сабағын өткізді.
