2024 жылдың 30 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Респубикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері, «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері Мельников Владимир Леонидович мерейлі 70 жасқа толуына орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды Білім және менеджмент институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы ашып, ұстаздың ғылыми-педагогикалық қызметінің жетістіктерін баяндады. Алдымен ғалымның өмір жолын баяндайтын бейне ролик көрсетілді. Университеттің бірінші проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор С.А.Машанова құттықтау сөз сөйлеп, Владимир Леонидовичке университет ректоры Б.Т.Шакешевтің атынан «Құрмет грамотасы» мен құттықтау адресатын табыс етті. Осыдан кейін университет құрылтайшысы, тарих ғылымдарының докторы, академик Т.З.Рысбеков Владимир Леонидовичті мерейлі жасымен құттықтап, құрылтайшылар атынан сыйлық табыстады. Келесі құттықтауларды жиынға келген қонақтар жалғастырды. Салтанатты жиынға келген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.Ю.Салов, қауымдастырылған профессор Т.И.Клименко, қауымдастырылған профессор А.Н.Жищенко мерейтой иесін құттықтады. Жиын барысында құттықтауға келген спорттық ұжымдар басшылары, №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Е.К.Жанғалиев, Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, самбодан ҚР спорт шебері Е.К.Айсағалиев., ғалымның шәкірттері «Уральскнефтегазгеология» акционерлік қоғамы қауіпсіздік бойынша менеджері М.Қ.Ажгалиев, әскери самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері С.С.Картабаевтар мерейтой иесін құттықтап, «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар табыс етті. Университет ұстаздары, профессор Б.С.Джумакаева мен қауымдастырылған профессор Р.Л.Абдрахманова ғалымды туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Жиын соңында сөз алған мерейтой иесі М.Л.Мельников салтанатты жиынды ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға, университет оқытушылары мен білім алушыларына алғысын білдірді.



