«Ұлттық кітап күні»  онкүндігі аясында Салалық технологиялар институтының кітапханасында «Қаламгер қазынасы» атты әдеби Quiz -зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқырмандарымызды қазақ жазушыларының шығармаларымен таныстыру арқылы танымдарын тереңдетіп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Шараны институт директоры Бауыржан Әкімжанұлы Билашев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар қазақ жазушыларының шығармашылығынан өз білімдерін сарапқа салып, тартысты ойын көрсетті.

I орынды «IQ», II орынды «Алғырлар», III орынды «Жаңа буын» тобы иеленді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz