«Ұлттық кітап күні» қарсаңында Коворкинг орталығында кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті журналист Мұнайдар Балмолдамен шығармашылық кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты: оқырмандарды жазушының шығармашылығымен таныстыру.
Кездесу барысында Мұнайдар Балмолда жаңадан шыққан «Құдыскерей» , «Ер Сейтек» туындылары, қазағымыздың қадір тұтқан жыртқыш аңдарының бірі – қасқырларға арналған «Абадан», «Көкбөрі», «Жалқара» атты еңбектері туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ лирика жанрдағы көптеген әндерге сөзін жазды. Соның ішінде, әлемге танымал жарық жұлдыз Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы «Махаббат бер маған, тағдыр» әнінің сөзін жазған.
Кездесу соңында жазушы оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


