2024 жылдың 22-сәуірінде БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кәсіптік бағдар беру мамандары, аға оқытушылар Ж.М. Жайлибаева және А.А. Кубашев 2024-2025 оқу жылына арналған ЖОО-ға қабылдау ережелерін түсіндіру мақсатында Бәйтерек ауданының мектептеріне барды. Түлектермен кездесу барысында кәсіптік бағдар берушілер оқуға түсу ерекшеліктерін түсіндіріп, оқушыларды БҚИТУ-ға қабылдау жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесімен таныстырды.

Кәсіптік бағдар берушілер Переметное, Атамекен, Шалғай ауылдарында орналасқан 4 жалпы білім беретін мектепте болды. Түсіндіру жұмыстары барысында түлектер жоғары оқу орнына түсуге және оқуға қатысты сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz