БҚИТУ–дың Салалық технологиялар институтының «Құқық» кафедрасының бастамасымен Қызылорда қаласындағы «Болашақ» Университетінің арасындағы серіктестік меморандумы шартына сәйкес екі тараптың оқытушылары арасында академиялық ұтқырлық шеңберінде сабақтар жүргізілді. Академиялық ұтқырлық бірінші жарты жылдықты қамтиды. Бұл байланыстар мен тәжірибе алмасулар оқытушылық құрамға да, білім алушыларға үлкен теориялық білім мен шабыт беретіні белгілі. Құқық кафедрасының аға оқытушысы А.Қ.Отеуовамен, Қызылорда «Болашақ» университетінің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., Р.Н.Қындыбаева білім алушыларға онлайн форматта сабақ беріп өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл байланыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады және үздік нәтижелер береді деп ойлаймыз.