2024 жылғы 21 қарашада криминалистика саласының ардагері Қонақбаев Жанболат Жанқуатович 6В04202 – «Құқықтану», 6В04207 «Сот-прокурорлық қызметі» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін «Криминалистика және оның бағыттары» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Жанболат Жанқуатович өзінің дәрісінде өзінің бай тәжірибесі мен практикалық дағдыларымен бөлісе отырып, криминалистика саласындағы жұмыстың негізгі аспектілерін қозғады. Ол криминалистиканы анықтаудан бастады және оның қазіргі өндіріс пен басқару процестеріндегі маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, криминалистика -бұл тапсырмалардың тиімділігін, дәлдігін және жылдамдығын арттыру мүмкіндігі. Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде соттық дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін жасақтайтынын айтты.
Бұл тәсілдер мен әдістер қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстарды алдын алу, анықтау және тексеру үшін қолданылады, сондай-ақ, қылмыстық, кей жағдайларда азаматтық істерді сотта қарау үшін пайдаланылады.
Дәріс соңында Жанболат Жанкуатович тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, бірнеше практикалық кеңестер берді.


