Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жан – жақты қолдау мақсатында Б.В. КПО өкілдері 6В11201- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы бойынша БҚИТУ салалық технологиялар институтының түлектеріне жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған іс – шараға: Кенжеғалиева Гүлзия – қауіпсіздік техникасы секторының бастығы, Есқалиева Дамира – жалдау бойынша жетекші маман, Жасуланова Жанбота – жалдау бойынша маман және Күлпердисова Альбина-жалдау бойынша маман қатысты.
Б.В. КПО кадр қызметкерлері ішкі еңбек тәртібі және жұмысқа қабылдау шарттары, сондай-ақ ұзақтығы 12 ай және жұмыс өтіліне есептелетін ақылы жастар практикасынан өту шарттары туралы түсіндірді. Сонымен қатар, слайд материалдары мен тағылымдамадан өтушілер тәжірибеден өткені туралы арнайы бейнеролик пайдаланылды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар ойын тестілеуін өткізді, оның нәтижелері бойынша жүлделі орындарға ие болған білім алушыларға жүлделер табысталды.
Жастар практикасы институттың көптеген білім алушыларын қызықтырды.


