2025 жылдың 2-желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Заң мен тәртіп – мемлекетіміздің негізі» тақырыбында полиция басқармасы мен прокуратура қызметкерлерінің студенттермен кездесуі өтті.

Шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет алаяқтықтың түрлері мен оның қаупі туралы ақпарат беру, сондай-ақ киберқылмыстардан қорғану жолдарын түсіндіру және жастардың заңға деген құрметін қалыптастыру.

Кездесу барысында БҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы, полиция полковнигі Мусагалиев Артур Гайсиевич және облыс прокурорының аға көмекшісі Имангалиева Жанар Өмірғалиқызы сөз сөйлеп, мазмұнды баяндамалар жасады. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздікті сақтау, интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері және олардан қорғану тәсілдері жөнінде Орал қаласы ПБ-ның Абай полиция бөлімінің ҚҚБ УПИ полиция майоры Мусагалиев Рафхат Шмидович пен полиция аға лейтенанты Хамитов Қуантай Елтаевич жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Орал қаласы ПБ-ның Абай полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Курманалиева Аида Қазиевна «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, жастарға маңызды ақпараттар ұсынды.

Шараны Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің комплаенс-офицері, құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, запастағы полиция полковнигі Рахметов Талғат Хасанович қорытындылап, студенттерге құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетіне қатысты құнды кеңестер берді.

Кездесу соңында студенттер құқықтық мәдениетті дамыту, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке жауапкершілік тақырыптарында сұрақтар қойып, мамандармен еркін пікір алмасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz