2026 жылдың 24 сәуірінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасы академиялық комитеттің отырысын өткізді, оған стейкхолдер ретінде «CAPITAL STROI» ЖШС жетекші маманы Тлекқабыл А.Ә.,  “Топография” ЖШС директоры Гайсин Р.Е., «БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» бас маманы Сапин Р.У., кафедраның БББ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы және «Құрылыс», «Сәулет», «Жерге орналастыру және кадастр» білім алушылары қатысты. Академиялық комитеттің отырысында білім беру бағдарламасын жаңарту, білім беру бағдарламасының мазмұнына жұмыс берушілерді тапсырыс берушілер ретінде және кадрларды тұтынушыларды, білім алушыларды нақты білім беру қызметін тұтынушы ретінде және еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. «Құрылыс», «Сәулет», «Жерге орналастыру және кадастр» БББ-на және ЭПК-ның жаңа пәндерін талқылап, білім алушылардың пікірін ескере отырып бекітуге шешім қабылдады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz