30.01.2023ж. «Құқық» кафедрасының аға оқытушылары Г.Ә.Нұртаза және Г.Қ.Қуатбек 6В42202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ЮР-11О, ЮР-13О топ студенттеріне «Академиялық адалдық және университеттің ішкі тәртіп ережесі» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізді. «Құқық» кафедрасы меңгерушісің орынбасары Ж.К.Тулеугалиева білім алушылармен танысып, БҚИТУ-мен таныстыру ақпараты айтылды. Сабақ барысы, платонус жүйесі, кредиттік технологиямен оқу барысы түсіндіріліп, баллдық жүйе туралы айтылды. Оқу жүйесі бойынша сабақ кестесі мен пән бойынша силлабустарды қалай пайдалану қажет екендігі айтылды. Оқу нәтижесі бойынша алынатын жеңілдіктер мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттер жоғары оқу орны ішіндегі тәртіппен танысты, оның ішінде кітапхана, әкімшілік бөлім корпусы, кафедралар, жатақхана туралы айтылды.