2024 жылдың 30 қаңтар күні 1 курс студенттерімен Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелері департаменті жетекшісі Д.С.Төлекбаевамен және Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында үйірмелер, спорттық секциялар, студенттік қажеттіліктер мен университет өміріне қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты. Белсенді жастар өз өнерлерін көрсетті.