2025 жылдың 19 қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Ш.Д. Салимбаева, Д.С. Тогашева ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі БҚФ-ның «Кассалық операциялар мен қолма қол ақшалармен жұмыс» бөлімінің басшысы Аханов Еркебұлан Орынбасаровичтің «Айналымдағы жаңа банкноттар: енгізілу ерекшеліктері, қорғаныс элементтері және экономикалық маңызы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында банкноттардың экономикадағы рөлі, банкнот дизайнының эволюциясы, қазақстандағы жаңа банкноттар: енгізілу себептері мен даму кезеңдері, жаңа банкноттардың қорғаныс элементтері және оларды қолдану технологиялары, жаңа банкноттарды айналымға енгізудің экономикалық және әлеуметтік әсерлері туралы толық мәліметтер алдық. Білім алушылар инвестициялық ҮКІ монетасы, коллекциялық монеталарға қызығушылық танытты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz