«2026 жылғы 21 мамырда «Сәулет және құрылыс» кафедрасының «Жерге орналастыру және кадастр» (6В07303) білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған эдвайзерлік сағат аясында ««Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының идеяларын енгізу сабақтастығы» тақырыбында тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды».

Іс-шараның мақсаты – білім алушы жастар арасында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, азаматтық белсенділік және ұлттық құндылықтарды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру. Эдвайзерлік сағат барысында қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті, рухани бай, саналы тұлғаны тәрбиелеудің маңыздылығы талқыланды.

Кездесу барысында «Адал азамат» бағдарламасының негізгі бағыттарына ерекше назар аударылып, оның жастар тәрбиесіндегі рөлі жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар цифрлық мәдениет пен цифрлық адалдық, жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі орны, инклюзивті орта қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі мен жауапкершілігі туралы пікірлерімен бөлісті.

Эдвайзерлік сағат білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал етіп, тәрбиенің сабақтастығын нығайтуға, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тиімді алаң болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz