2025 жылдың 02 желтоқсан күні Мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты С.С. Тулемисова «Қабатты сұйықпен жару, ҚСЖ техникасы мен технологиясы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Сабақ барысында оқытушы заманауи интерактивті оқыту әдістерін тиімді қолдана отырып, студенттердің пәнге қызығушылығын арттырып, жаңа тақырып бойынша теориялық білімдерін бекітті. Дәрісте ҚСЖ-ның мақсаттары, оның мұнай-газ өндіруді арттырудағы рөлі, гидравликалық жару техникасы, қолданылатын жабдықтар, сұйық жүйелердің сипаттамалары және технологиялық кезеңдер жан-жақты түсіндірілді.
Студенттерге практикалық мысалдар ұсынылып, өндірістік жағдайларда ҚСЖ технологиясын қолданудың тиімділігі талқыланды. Интерактивті талқылау, сұрақ-жауап және топтық жұмыс элементтері сабақтың тиімділігін арттырды.