2024 жылғы 29 қарашада Алға ауданының № 1,2,3,4 жалпы білім беретін мектептерінде (Алға кенті), Алға индустриалды-техникалық колледжінде және Аққемір жалпы білім беретін мектебінде, Сағашилі жалпы білім беретін мектебінде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Кездесу барысында кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы К.К. Жәнияров салалық технологиялар институты бойынша білім беру бағдарламалары туралы және университетке түсу ережелері туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz