2024 жылдың 25-29 қараша аралығында Мордовия Республикасы Саранск қаласындағы Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінде халықаралық қатысумен III-Бүкілресейлік студенттер олимпиадасында Салалық технологиялар институтының білім алушылары белсенді қатысып, жалпы командалық 3 орын дипломына ие болды.
Сондай-ақ, олимпиада аясында «Олимпиадалық орта жағдайында инженерлік ЖОО студенттерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында ашық бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Көлік және технологиялар кафедрасының білім беру бағдарламаларының білім алушылары, олимпиада қорытындысы бойынша жеке біріншілікте келесі орындарға ие болды:
6В07104 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының білім алушысы Д.В. Мезенец, «John Deere 8310R тракторы аспалы топырақ өңдеу агрегаты қондырғысымен көлікті басқару» практикалық конкурсында 1 орын дипломы;
6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» білім беру бағдарламасының білім алушысы Е.Е. Романченко «ЗМЗ 406 қозғалтқышының иінді білігін теңестіру» практикалық конкурсында 2 орын дипломы;
6В11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының білім алушысы И.Р. Халфаев «Gummins ISB 6.7 қозғалтқышының Common Rail жүйесі саптамаларының жұмысқа қабілеттілігін зерттеу» практикалық конкурсында 3 орын дипломы.


