2018 жылдың 10 қантарында жарияланған Нұрсүлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аты Жолдауын қолдау мақсатында (9 бағыт) 2018 жылдың 7 ақпанында БҚИТУ гуманитарлық заңтану факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан Облысы бойынша департаменті және «Атамекен» тұтынушылар құқығын қорғайтын Кеңестік палатасымен бірігіп жастар арасында сыбайлас «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысқандар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан Облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нуртазин Мирболат Сүйеович «Атамекен» жемқорлыққа қарсы Кеңестік топтың жетекшісі Ищанов Ғалымжан Султашевич, т.ғ.к. Осипов Н.И., ф.ғ.к., профессор Капанов Х.Х. және барлық факультеттердің профессорлық-оқутышылар құрамының өкілдері мен университеттің студенттер белсенділері.
Дөңгелек үстелдің тыңдаушылары БҚИТУ және БКАК «АТИСО» колледжінің студенттері. Түрлі қоғамда белең сұрақтар қойылды және белсенді талқыланды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы ф.ғ.к., профессор Капанов Х.Х. болды.
Негізгі баяндаманы оқығандар: гуманитарлық заңтану факультетінің деканы ф.ғ.к., профессор Капанов Х.Х., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан Облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нуртазин Мирболат Сүйеович «Атамекен» жемқорлыққа қарсы Кеңестік топтың жетекшісі Ищанов Ғалымжан Султашевич, т.ғ.к., доцент БҚИТУ гуманитарлық заңтану факультетінің оқытушысы Осипов Н.И. ф.ғ.к., доцент БҚИТУ гуманитарлық заңтану факультетінің оқытушысы Кульматов С.Я.
Дөңгелек үстелдің ашылу рәсімін гуманитарлық заңтану факультетінің деканы ф.ғ.к., провессор Капанов Х.Х. жарияланды.
Ең көп қызығушылық туғызған сұрақтар сыбайлас жемқорлық үшін заңдық жауапкершілік негізі, мемлекеттік мекемелерде жемқорлқтың алдын- алу, профилактика шараларын ұйымдастыру.
Жемқорлықпен қарсы күресте және жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу кезінде шетелдік тәжірбиені пайдалану.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік қызметшілер арасында бірігіп іс-қимыл және іс-әрекет жасап, БАҚ мен қоғамдық қордың өкілдерімен бірігіп жалпы азаматтық және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы Капанов Х.Х. қортындылай келе жастар арасында азаматтық жауаптылықты және Қазақстанда қоғамдық өмірде жемқорлыққа қарсы күресті қалыптастыру керек екендігін айта өтті.
