2018 жылдың 03 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жылда дәстүр бойынша «Студенттер қатарына қабылдау» атты мерекелік іс-шара өтті. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік кеші салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ туралы бейнефильм көрсетілгеннең кейін, бірінші курс студенттеріне арнап университетіміздің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Габдуалиева құттықтау сөз айтып, білім жолында сәттілік тіледі.

Дәстүр бойынша жоғарғы курс студенттерінің айтар нақыл сөзерін тыңдап, бірінші курс студенттері ант берді. Білім кілті мен студенттік билетті университетіміздің оқу және оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т. Ерназаров бірінші курс студенттеріне тапсырды. Концерттік бағдарламада әр факультеттін студенттерінең құралған флеш-моб, вокал әндері шырқалып, «StreetCrew» заманауи би тобы, студенттер хоры мен «Жаңа толқын» КВН командасы ат салысып, өз өнерлерін көрсетті.

Кеш соңында залға жиналған бірінші курс студенттері сахнадағы әншілерге қосылып «Менің университетім» әнін бірге шырқады. Кеш жоғары деңгейде өтті.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

2017 жылдың 18 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жылдағы дәстүр бойынша «Студенттер қатарына қабылдау» шарасы өтті. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік кеші салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ туралы бейнефильм көрсетілгеннен кейін, бірінші курс студенттеріне арнап университетіміздің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Габдуалиева құттықтау сөз айтып, білім жолында сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша жоғарғы курс студенттерінің ізгі тілектері тыңдалып, бірінші курс студенттері ант берді. Білім кілті мен студенттік билетті университетіміздің оқу және оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т. Ерназаров бірінші курс студенттеріне тапсырды. Концерттік бағдарламада әр факультеттің студенттерінен құралған топ «Вальс» биін ұсынды, вокал әндері шырқалып, «Eurasia Dance» тобының орындауында заманауи би, студенттер хоры мен «Жаңа толқын» КВН командасы ат салысып, өз өнерлерін көрсетті.

Кеш соңында залға жиналған бірінші курс студенттері сахнадағы әншілерге қосылып, «Менің университетім» әнін бірге шырқады. Кеш көңілді, жоғары деңгейде өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz