2018 жылдың 19 наурызында Тілдер және менеджмент факультетінде Наурыз мерекесі өткізілді.

Мереке дәстүрлі түрде Наурыз дастарханнан басталды. Факультеттің қонақтары, оқытушылар мен студенттер Ұлыстың ұлы күні Наурыздың ерекше сый асы- Наурыз көжеден, қазақтың ұлттық тағамдарынан жасалған дастарханнан дәм татты.

Мереке театрландырылған – концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Факультет деканы э.ғ.к., доцент Ж.Ж.Жумаев оқытушылар мен студенттерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шара барысында қазақ халқының «Құда түсу», «Қыз ұзату»,  «Беташар», «Бесікке салу» және «Тұсау кесер» сияқты салт-дәстүрлері көрсетіліп,

Сонымен қатар көңілді әндер шырқалып, қазақтың күйлері ойналды және ұлттық билері тамашаланды

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz