10 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінде Орал қаласы мектептерінің түлектеріне «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Мектеп түлектерінің алдында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Ж.К.Хайрушин, факультеттің кәсіби бағдар жұмысының менеджері, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Р.С.Ислямов, «Еуразия» индустриалды-экономикалық колледжінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Н.С. Хисметова және де факультеттің белсенді студенттері Акежан Салыков мен Абылай Кенжегалиев сөз сөйледі.

Қонақтар студенттер дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz