Латын әліпбиі бойынша қазақ халқының әдебиетін, мәдениеті мен ғылымының дамуына айшықты үлес қосқан бірнеше кезең ұрпақтары білім алып тәрбиеленді. Қазіргі таңда Қазақстан алдында әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылу мақсаты тұр. Осы өзгерістерге байланысты еліміздің көптеген даму бағыттарын, соның ішінде латын әліпбиіне көшу сынды талаптар қойылды.

3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы” атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында тілдер және менеджмент факультетінің  оқу залында Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп “Латын әліпбиіне көшу – ұлттық жаңғырудың өзегі” тақырыбында студенттерге насихаттау шарасы өткізілді.

Кездесуге қатысушылар ҚР Президентінің 2017 жылдың 26 қазанындағы №569 “Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшу туралы” бұйрығымен таныстырылып, жаңа әліпби нұсқасы тақырыбында өз ойларымен бөлісті. Мәдени-тынығу жұмыстары кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты Ж.К.Хайрушин қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында кездесуге қатысушылар Президенттің ұстанып отырған саясаты –  еліміздің дамуына бағытталған маңызды шара деген түйінге келді.

Аталған кездесу барысында кітапхана меңгерушісі Нурлиева С.Ж.  осы тақырыптағы бейнероликті  көрсетіп, кітап көрмесіне шолу жасады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz