19 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінде дәстүрлі «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Онық қонақтары-колледж түлектері.

Колледж түлектерінің алдында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Ж.К.Хайрушин, факультеттің кәсіби бағдар жұмысының менеджері, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Р.С.Ислямов және де факультеттің белсенді студенті Абылай сөз сөйледі. Шара ашық түрде сұрақ-жауап ретінде өтті. Кездесу барысында түлектерге кешенді тестілеудің және шығармашылық емтиханды тапсырудың жаңа тәртіптері мен ережелері түсіндірілді.

Факультет студенттері қонақтарды мерекелік концертпен, естелік сыйлықтармен қуантты.

Шараның соңында колледж түлектеріне факультетте танымдылық экскурсия ұйымдастырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz