Осындай атаумен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде іс-шара ұйымдастырылды.

Шарада БҚИТУ-дың ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғабдуалиева оқытушылар мен студенттерді келе жатқан төл мерекемізбен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Сондай-ақ ол университеттің жас оқытушыларына, басқа да қызметкерлерге және жастар жылында белсенділік танытқан бірқатар студентке алғыс хат табыстады.

Шара барысында студенттер «Отан», «Мен қазақтың ұлымын», «Қазақтай ел қайда» атты патриоттық әндерді шырқап, өз туындыларын оқыды.

2017 жылдың 12 желтоқсанында Тілдер және менеджмент факультетінің жаңа акт залында ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Еркін елдің жастарымыз!» атты салтанатты шара болып өтті. Салтанатты жиынды тілдер және менеджмент факультетінің деканы, э.ғ.к. Ж.Ж. Жумаев ашып, барлық оқытушылар мен студенттерді тәуелсіздік күнімен құттықтады және мерекелік марапаттаулар жасады.

Ресми бөлімнен соң, Тілдер және менеджмент факультетінің студенттерімен дайындалған мерекелік концерт тамашаланды. Кеш барысында Тәуелсіздік, Отан және туған жер, тақырыбында өлеңдер оқылып, әндер шырқалды және ұлттық билер тамашаланды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz