Өңірімізде жастарға білім беретін оқу орындарын көпшілік назарына ұсыну арқылы Ақжайықтың таңдаулы жоғары және орта оқу орындарын

халыққа таныстыру, жастардың бойына өлкенің рухани және мәдени мұрасына қызығушылықтарын арттыру, жастардың білімге, өнерге, тарихқа қызығушылықтарын ояту, жастардың рухани дамып, өсуіне музейдің өзіндік үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылған  «Музейстар-2019» жобасы 14 наурыз – 6 қараша аралығында өткізілген еді.

 Жоба бойынша облыстық музейдің көрме залында ай сайын жобаға қатысушы оқу орындары туралы «Білімді жастар – ел болашағы» атты көрме жабдықталып, айға жуық уақыт бойы қала тұрғындарының назарына ұсынылған болатын.

Жақында облыстық тарихи өлкетану музейінде аталмыш жобаның қорытынды шарасы өткен еді. Сол шарада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Абекешев облыстық мәдениет басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.