2024 жылғы 14 ақпанда 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ білім алушылары үшін «BW Energy Services Kazakhstan LLP» компаниясының еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы Раян Әзілхан Бауыржанұлы «Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын білу» тақырыбы бойынша танымдық дәріс оқыды.

Өз дәрісінде өндіріс маманы А.Б. Раян білім алушыларға өндірісті өрттен қорғау үшін қандай шаралар қолдану керектігін, атап айтқанда, жанғыш заттардың түрлері, оларды сөндіру тәсілдері және олардың адам өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зияны туралы айтып берді. Дәріскер өрт қауіпсіздігінің алдын алуға, адам ағзасына зиянды заттардың әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру мүмкіндігі туралы түсіндірді.

Дәріс нәтижесінде білім алушылар өрт қауіпсіздігі негіздерімен, өрттің алдын алу шараларымен танысты, өндірісте де, тұрмыста да өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру кезінде практикалық дағдыларды білудің маңыздылығы туралы ақпарат алды. Қонақтардың дәрісінен алынған білім адамның өмірін қорғауға көмектеседі деп сенеміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz