15 қараша күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен «Сәулет және құрылыс» кафедрасына қатысты 6В07302 «Құрылыс» және 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламаларының бітіруші 4 курс түлектері «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңкенің мақсаты жұмыссыздыққа жол бермеу, жұмыссыз азаматтарға қажетті мамандықтар таңдауға көмектесу, жұмысқа орналасуына ықпал жасау.
Жалпы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне облысымыз бойынша 80-ге жуық жұмыс беруші қатысып, 2000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды, 3000 –ға жуық жастар қамтылған.
Жәрмеңкеге қатысқан бітіруші түлектеріміз жұмыс беруші мекеме мамандарымен жүздесіп, пікірлесіп, тиісті кеңестерін алып, алдағы уақытта мамандықтарына сай келетін мекеме орындарының мамандарымен телефон номерлерін алмасып, өз резюмелерін қалдырды. Жыл сайын ұйымдастырылатын мұндай жәрмеңкелер білім алушыларымызға оқуларын жақсы аяқтап, алған мамандықтарына сай сәтті жұмысқа орналасуларына септігін тигізеді деген ниеттеміз.