2021 жылдың 14 қыркүйегінде Батыс Қазақстан  облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» маманы – теолог Азат Ерланұлы мен университет студенттері арасында онлаин форматта сұхбат жүргізілді.

   «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбындағы шараның мақсаты жастарды теріс діни ағымдардың  шырмауына түсіп қалмудың алдын алу, тұлға ретінде қалыптасып келе жатқан жастарға бағыт-бағдар көрсету,  дәстүрлі діндердің адамзат өркениетіндегі алар орны мен қызметін түсіндіру.

   Диалог түрінде өрбіген сұхбат барысында дінтанушы-теолог маман ішкі тұрақтылық ел дамуының көрсеткіші екендігін нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, даму жолына түскен халқымыздың өзіндік болмысын сақтап қалу үшін рухани құндылықтарымызды темірқазық қылып ұстау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ  кездесуде еліміздегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың маңыздылығы туралы да сөз болды.
Тараптардың белсенділігімен өткен сұхбат барысында ел мәдениетіне жат хиджаб киім үлгісі, жат ағымдардың жастарды арандату себептері сынды бүгінгі таңдағы теологиялық сипаттағы өзекті проблемалар талқыланды. Соңында аталмыш мәселе төңірегінде дұрыс ақпараттармен танысу үшін студенттерге ресми сайттардың сілтемелері берілді.

   Тәрбиелік мәні зор кездесу соңында БҚИТУ Тілдер және менеджмент факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Нұғыманова Шаттық Еркінқызы  ұжым атынан дін басқармасына алғысын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz