22-қыркүйек ҚР халықтарының тілдер күні мерекесіне орай Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1,2,3 курс студенттеріне «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты тәлімгерлік сағат өткізілді. Тәлімгерлік сағаттың негізгі мақсаты студенттердің тілге деген құрметін арттыру, өзге тілге деген қызығушылықтарын ояту.
Тәлімгерлік сағатта студенттердің баяндамалары тыңдалып, тіл туралы өлеңдер оқылды. Атап айтсақ, 1-курс студенті Темірәлі Ақбота «Тіл-ең асыл мұра» атты өз баяндамасында тұшымды ойларымен бөліссе, 1 курс студенттері Ибраева Диляра, Оңғарбай Эльмира, Амандосова Шұғыла ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Топ тәлімгерлері Абужалитова Ақбаршын Талғатқызы мен Казкенова Гүлжамал Өтепқалиқызы студенттерді тіл мерекесімен құттықтап, тілге құрмет тәрбие мен білімнен бастау алатындығын атап көрсетті. Әлемдік өркениетте өз болмысымызды сақтап қаламыз дейтін болсақ, оның тірегі туған тіл екендігін тағы бір қайыра түсіндірді.