18 сәуір-18 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қолдауымен Х жазғы Универсиада аясында “спорттық бағдарлау”, “садақ ату”, “бокстан” жарыс өтеді. Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі 19-сәуір күні сағат 9:00-де “Еуразия” ТСК-де өтеді.

Шараның ашылу салтанатына қатысатын құрметті қонақтар: Көлгінов Алтай Сейдірұлы (Батыс Қазақстан облысының әкімі), Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы (Орал қаласы әкімінің орынбасары), Аманбаева Әсия Рахымқызы (Батыс Қазақстан Облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы), Нұрмұхамбетов Азамат Мадиярұлы (Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы) және т. б.

Универсиаданың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президентінің Жолдауына сәйкес жаппай спортты дамыту, білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде спортты дамыту, республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды іріктеу, салауатты өмір салтын насихаттау, “2019 жыл – Жастар жылы” бағдарламасын жүзеге асыру.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz