2019 жылдың 19 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті инженерлік-технологиялық факультетінің оқу корпусында Түлектер мен қамқоршылар І форумы өтті.
Форумды өткізу мақсаты – бір курста оқыған түлектер кездесуі, бейресми қарым-қатынас мүмкіндігі және университет айналасына бір-бірімен және университетпен байланысты сақтауға тырысатын, университет дәстүрлерін бағалайтын, университет толық және жан-жақты дамуына көмек көрсететін пікірлес адамдарды – түлектерді біріктіру.
Түлектер мен қамқоршылар кездесуі алғаш рет өткізілді. Форум жұмысына 12 жұмыс беруші және бизнес, ғылым, саясат және білім беруде негізгі орындарға ие түрлі жылдардың 50-ге жуық түлектері, сонымен қатар қазіргі оқып жатқан барлық курстар студенттері қатысты.
Форумда қойылған міндеттер келесі түрде болды:
– БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультеті түлектері қауымдастығын құру;
– жастар кәсіби бағдар беру жұмыстарына және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу;
– эндаумент қорды құру мәселелерін қарастыру;
– жаңа білім беру бағдарламаларын дайындауға жұмыс берушілерді тарту;
– студенттер кәсіптік дайындығына көмек көрсету.
Форум шеңберінде кәсіпқойларды ауқымды біріктіру қызықты сараптамалық пікірлермен алмасуға, жаңа бастамалар мен жобалардың тууына, экономика және бизнес, ғылым және білім маңызды мәселелерін талқылауға серпін береді.
БҚИТУ ИТФ қазір – 2900 астам студент, 150 қызметкер, 18 халықаралық академиялық серіктес.
2018 ж. «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы рейтингіне сәйкес БҚИТУ ИТФ мамандықтары Қазақстан жоғары оқу орындары арасында келесі бағыттар – 6В07201 «Мұнай-газ ісі», 6В07102 «Электр энергетикасы», 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 6В07103 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6В09102 «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша І орынды, 6В07302 «Құрылыс» мамандығы бойынша ІІ орынды иеленді.
