«Жас зерттеушілер – гүлденуші Қазақстанның болашағы» атты Халықаралық фестивальдің бірінші кезеңі аясында 2019 жылдың 11 сәуір күні экология және биотехнология кафедрасында «Туған жер» атты инновациялық жобалар сайысы өткізілді.

Сайысқа кафедраның экология және биотехнология кафедрасының «Табиғат қорғаушылары», «Жас зерттеуші» ғылыми-студенттік үйірмелерінің мүшелері қатысты.

Сайыс жеті бағытта бағаланды: тақырыптың өзектілігі, эксперименталдық бөлімнің болуы, материалды игеруі, демонстрациялық материалдардың болуы, ережелерге сәйкестігі, сұрақтарға жауап беру қабілеті, практикалық маңызы. Конкурсқа 12 баяндама ұсынылды. Студенттердің баяндамасында үй жануарларының тері мен бұлшық еттерінің аутоиммундық аурулары, Батыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының даму проблемалары мен перспективалары, БҚО-ның табиғат ескерткіштері, ветеринариялық-санитариялық бағалау және Орал қаласының базарларында ет өнімдерін санитарлық бағалауы қарастырылды.

Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу құс етінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы туралы ақпараттар қызықты әрі мағыналы баяндамалар болды.

Сайыс жеті бағытта бағаланды: тақырыптың өзектілігі, эксперименталдық бөлімнің болуы, материалды игеруі, демонстрациялық материалдардың болуы, ережелерге сәйкестігі, сұрақтарға жауап беру қабілеті, практикалық маңызы.

Конкурстың қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орынға үздік дипломдар және мадақтамалар «Шешендік шеберлігі» және «Ең үздік ғылыми есеп»  номинациялары бойынша марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz