2021 жылдың 30 қыркүйегінде университетте БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция және парасаттылық басқарма басшысы  Хайруллин Біржан Марданұлымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында  кездесу өтті. Кездесуге “Тілдер және менеджмент”, “Педагогика”   факультеттерінің 1-курс студенттері қатысты.

   Кездесудің мақсаты-студенттерге “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру, құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ өз оқуы мен болашағы үшін жауапкершілікті насихаттау.

   Біржан Марданұлы кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар, құқық бұзушылықтың осы түрі үшін жазаны қатаңдату туралы айтып берді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күреске шақырды және қоғамның немқұрайлы әрекетсіздігінің салдарын түсіндірді. Ол студенттерге пара дегеніміз не, пара беру мен алуға не итермелейтінін және бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қандай екенін нақты мысалдармен көз жеткізді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

   Қорытынды сөзінде Б.М.Хайруллин студенттерді оқу процесінде жеңіл жол іздеп жаза баспауға, академиялық адалдық кодексінің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

   Іс-шараға қатысқан студенттер сұрақтар қойып, пікір айтып белсенділік танытты.

   Кеш соңында 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Call-орталығының қызметі туралы ақпарат беріліп, бұл мәселе бойынша әрбір адам кеңес ала алатындығын және сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарласа алатындығы айтылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz