2021 жылдың 9 желтоқсаны сағат 10.00-да БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұйымдастыруымен 9 желтоқсан-сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне арналған республикалық конференциясы өтіп, конференцияға Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық университетінің «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері қатысты.

Конференцияның мақсаты- жастардың бойында рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиемен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, студенттерге парасаттылықты, адами құндылықты насихаттау болып табылады.

Жиында «Саналы ұрпақ» республикалық кеңсесінің жетекшісі, қоғам қайраткері Қ.А Токушев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: шешуді талап ететін мәселелер» тақырыбында баяндама оқыды.    

Баяндамашы, Қайыржан Ахметбекович  – сыбайлас жемқорлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласын ғана емес, рухани дамуына да тежеу салып отырғандығын айта келіп, ұрпақ тәрбиесінде жастарды мектеп жасынан бастап, жоғарғы оқу орнын бітіргенге дейін адалдыққа тәрбиелеу керектігін, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатердің зардаптары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыру қажеттілігіне тоқталды.   

Түйін сөзде, сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды қаперге салды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz