Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің сыбайлас  жемқорлықтың алдын алуға арналған «Sanaly urpaq» жобасы аясында бекітілген 2021 – 2022 оқу жылының жоспарына сәйкес 22 – 28 қыркүйек аралығында университет әкімшілігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшелерімен бірлесіп факультеттердің профессор-оқытушылық құрамы мен қызметрелірімен кездесуі.

   БҚИТУ ректоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестөрайымыГабдуалиева Р.С. өз сөзіндепрофессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары әзірленеді және бекітіледі, лекторлық топтың жұмысы тұрақты негізде ұйымдастырылады. Осы қызмет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар: әңгімелесулер, пікірталастар, пікірсайыстар, зияткерлік ойындар, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Осыған байланысты ЖОО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеяларды іске асыру, оларды нормативтік құқықтық бекіту және академиялық орта шеңберінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы болуы тиіс. Оның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлыққа байланысты қауіптерден қорғауды қамтамасыз ету болып табылады деп атап кетті.

   Сонымен қатар жиынға университеттің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, кеңес төрайымының орынбасары Шакешев Б.Т., тәрбие ісі жөніндегі проректор, кеңес төрайымының орынбасары Абекешев А.И., стратегия және сапаны қамтамасыз  ету жөніндегі проректор, кеңес мүшесі Иргалиев А.С. қатысты.

   Шара барысында ұсыныстар еңгізілді, қаулы қабылданды.

 

Ұйымдастыру бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.