2021 жылдың 9 қарашасында «Sanaly urpaq» жобасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті арасында тікелей эфир таралымы өткізілді. Бұл «Antikor. Live» жобасына университет тарапынан тәрбие ісі жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы қатысты.

«Жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық мәселелері және «Саналы ұрпақ» клубының жұмысы» тақырыбында өткен шара барысында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы модератор ретінде отырысты жүргізсе, бағдарлама қонағы ретінде қатысушы А.И.Абекешев университеттегі академиялық адалдық мәселелері бағытындағы «Саналы ұрпақ» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен қамтып айттып берді.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.