19 сәуір күні сағат 9:00-де Орал қаласы “Еуразия” ТСК-де Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Х жазғы Универсиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Х жазғы универсиаданың ашылу салтанатында: Батыс Қазақстан Облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Аманбаева Әсия Рахымқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы спорттық-зертханалық бөлімінің орынбасары – Мұхамедиева Мира Бекқазықызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректорының міңдетін атқарушы, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна,         Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚО еңбек сіңірген туризм қайраткері – Фомин Виктор Павлович, Спорттық туризм және спорттық бағдарлау ардагері – Новозенко Юрий Никитич құттықтау сөздерін жеткізді.


Жарысқа қатысушы командалар: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қайнар академиясы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан  мемлекеттік университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті. Жарысқа қатысушы спортшылар  “Еуразия” туристік сауықтыру кешенінің универсиада алаңына ағаш көшеттерін отырғызды.

 

 

БҚИТУ ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz