2019 жылдың сәуір айының 16-сы күні «Мұнай-газ ісі және салалық технологиялар» кафедрасы және «Техника және технологиялар» кафедрасының студенттері мен оқытушылары біріге отырып, «Ғаршыкерлер күніне» орай «Жер біздің алақанымызда» атты эдвайзерлік сағатын өткізді.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты студенттерді орыс, қазақ және халықаралық әлем ғарышкелерімен таныстыру, сонымен қатар, Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу тарихымен таныстыру, студенттердерде патриоттық сезімін және коммуникативті қабілетті қалыптастыру.
Осы шараға «Мұнай газ ісі және салалық технологиялар» кафедрасынан «Мұнай газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» , «Электрэнергетикасы», «Кадастр», «Жерге орналастыру» мамандықтарының студенттері мен эдвайзерлері қатысты. Сонымен қатар «Техника және технологиялар» кафедрасынан «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Құрылыс», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері мен эдвайзерлері қатысты.
Шара аясында «Техника және технологиялар» кафедрасының студенттері Кудрядцева А. (СТР-22) , Гарифуллин М. (СТР-11) , Зулкарнаева А. (ИС-11), Рабаева А. (ОП-12), Петров И. (ОП-12) және эдвайзерлері Дюсекенов Е., Сагинова Г.А., арасында плакаттар сайысы, баяндама дайындалды, өлеңдер оқылды. «Мұнай газ ісі және салалық технологиялар» кафедрасынан Есаева Н. (НД-21), Рашидов Б. (НД-12) және эдвайзерлермен бірге презентациялар дайындалды. Эдвайзер Аманова Б.Н викторина түріндегі ғарышқа және ғарышкерлерге байланысты сұрақтар қойды. Шара соңы Байқоңыр жайындағы деректі фильммен аяқталды.
Эдвайзерлік сағатты қорытындыла келе, Байқоңыр ғарыш айлағының дамуына үлес қосқан ғалымдар, құрастырушылар, ғарышкерлер, ойлаптапқыштардың зор еңбектері атап өтілді.

