2019 жылдың 27-сәуір күні Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен Х жазғы Универсиада аясында садақ атудан жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 11 команда арасынан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері (Орал) жалпыкомандалық есепте І орынды иеленсе, ІІ орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы), ІІІ орын І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универсиеті (Талдықорған) жеңіп алды.
Барлық жүлдегерлер медаль, дипломдармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған командаларға естелік кубоктар табысталды.
Қазақстан Республикасының Х жазғы Универсиада аясында садақ ату жарысында жеңіске жеткен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің командасын құттықтаймыз.
БҚИТУ ұйымдастыру бөлімі



