2026 жылғы 7-қазанда Облыстық әдістемелік бөлімнің қолдауымен М. Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінде «From Learning to Speaking: Modern Approaches to English Communication» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытудың тиімді әдістерімен алмасуға және озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталды.
Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Машанова С.А., оқытушылары мен студенттері қатысты. Университеттің қауымдастырылған профессоры Зәуре Аманбаева тапсырмаға негізделген оқыту арқылы білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік тәжірибесімен бөлісті. «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері семинарға тыңдаушы ретінде қатысып, тәжірибелі педагогтердің жұмысымен және заманауи оқыту әдістерімен танысты.
Жаңа ұлттық модельде мектеп болашақ мұғалімді даярлаудағы университеттің толыққанды серіктесі ретінде қарастырылады. Осыған орай, мұндай кәсіби алаңдар мектеп пен жоғары оқу орнының байланысын нығайтып, болашақ педагогтердің сапалы даярлануына ықпал етеді. Сапалы педагог даярлау – мектеп пен университеттің ортақ міндеті әрі ортақ жауапкершілігі.