2026 жылғы 30 қыркүйекте Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Гильманова А. Қ. мен Хайрлықызы Н. бірінші курс студенттеріне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты танымдық-мәдени іс-шара өткізді. Іс-шараға ИЯ-111, ИЯ-121, ПД-111 және ПД-121 топтарының студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы маңызын насихаттау, тіл мәдениеті мен сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту, көптілділік пен өзге тілдерге құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

Іс-шара интерактивті сайыс, викторина және шығармашылық тапсырмалар форматында өтті. Студенттер «Блиц-сұрақ», «Сөз маржаны», «Қазақша сөйлейік!», «Полиглот» сайыстарына қатысып, тілдік білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. «Тілге құрмет – елге құрмет» пікірталасы барысында жастар арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолдары талқыланып, студенттер өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Шара соңында қатысушылар тілдің ұлттық құндылық ретіндегі маңызын атап өтіп, «Тіл – біздің ортақ құндылығымыз!» деген ортақ тұжырымға келді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz