2018 жылы 30 қараша күні Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында КТК ойынынан, жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Ақжайық КВН Лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің кубогі өткізілді.
Сайысқа қатысқан 8 команданын ішінен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогика факультетінің «Жаңа толқын» КТК командасы топ жарып, жүлделі I-ші орынға ие болды.
Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз.