2018 жылдың 7 желтоқсанында мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасында «Кадастр», «Жерге орналастыру», «Мұнай-газ ісі», «Технологиялық машиналар және жабдықтар»,«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Электроэнергетика» мамандықтарының студенттерімен бірге ЖҚТБ-мен күресу күнінеарналған «ЖҚТБ – XXI ғасыр дерті» атты тәлімгерлік сағат өткізілді.

Өткізілген шараның мақсатыстуденттергеЖҚТБ-ның (Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыру.

 

 

Тәлімгерлік сабақты өткізуге кафедраның тәлімгерлері: ИхсановаС.А., Бегайдарова К.Д., Калешева Г.Е., Жубаншев Б.У., Аманова Б.Н., Мартышкина Н.М., Губайдуллин К.Ж., Ихсанов К.А., Бегайдарова К.Д. белсене қатысты.

 

Тәлімгерлік сағаттакелесі топ студенттеріЗУ-21 «Болашақ» және ХТ-31 «Денсаулық» топтарына бөлініп көрініс қойып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын кезектесіп тауып жауап беріп отырды. Шара барысындабұл дерт жайында қажетті ақпараттар жазылған парақшалар көрмесі ұйымдастырылып, презентациялар көрсетілді, тақпақтар оқылды, «Дневник Насти» атты бейне фильм қаралды.

Оқытушылар Ихсанова С.А. және Жубаншев Б.У. сабақ тақырыбына байланысты студенттерге сұрақтар қойды.

Бұл шараға студенттер Тілекқабылов Нұртілеу, Маратов Ералхан(ЗУ-21 тобы), Бердыбаева Бекзада(КД-32 тобы), Еркинбекова Сағыныш, Байбозова Асем. (ХТ-31 тобы), Садыкова Тахмина (НД-22 тобы) белсене қатысты.

Тәлімгерлік сағатты қорытындылай отырыптәрбиенің негізін еліміздің болашағы жас ұрпақтан бастауымыз керек, яғни үйде ата-ана, оқу орындарында ұстаздар қауымы жастарымызға дұрыс жол сілтеп, ішімдік ішіп, наша тартудан аулақ болса, адам өзін-өзі ЖҚТБ-дан қорғай алады дей келіп, адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық кепілі салауатты өмір сүру деп айтқымыз келеді.

Міне, студенттер ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz