2018 жылдың 29 қарашасында мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасында «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Электроэнергетика» мамандықтарының студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне арналған «Мемлекет басшысы мен халық бір» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді.

Бұл шараның мақсаты студенттерді Ұлт Көшбасшысы Нурсултан Әбішеевич Назарбаевтың өмірімен, Тәуелсіз мемлекеттің көтерілу жолдарымен таныстыру, студенттерде патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілікті, өзінің еліне және өзінің Президентіне  деген мақтанышты қалыптастыру.

Тәлімгерлік сабақты өткізуге кафедраның тәлімгерлері: Калешева Г.Е., Жубанышев Б.У., Мухамбеткалиева А.Н., Аманова Б.Н., Мартышкина Н.М., Губайдуллин К.Ж., Ихсанов К.А., Бегайдарова К.Д. белсене қатысты.

Шара барысында тәлімгерлер кітаптар көрмесін ұйымдастырды, онда студенттер біздің Президеттің жаңадан жазылған кітаптарының  мазмұнымен танысты. Тәлімгерлік сағатты баяндамалар, тақпақтар оқылды, «Назарбаев-дәуір адамы», «Ұлт көшбасшысы» атты бейне фильмдер қаралды.

Тәлімгерлік сағатты қорытындылай келе Президенттің үлкен тарихи еңбегі, оның басқаруымен ұлттың валютасы енгізілгенді, жеке қаржылық-экономикалық жүйе құрылғандағы, қарулар күштері құрылып ұлттың қауіпсіздік нығайтылғандығы атап өтілді.

Оқытушылар Жубаншев Б.У. және Мухамбеткалиева  А.Н. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихына қатысты викторина түрінде сұрақтар қойды. Белсене қатысқан келесі студенттерді атап өтуге болады: Сариев М., Утегенов А., Алмолиева А.(НД-11 тобы), Дуйсекенова Д. (ХТ-31 тобы), Карташов Максим (ЭЛ-22 тобы).

Осы шараның қорытындысы мен нәтижесі студенттерде азаматтық патриотизм, Н.А.Назарбаевтың өмірбаяны туралы білімін кеңейту, ұлттың рух және туған халқына құрмет қалыптастыру болып саналады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz