Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының оқытушылары PhD докторантурасының білім беру бағдарламалары бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына қабылданды.
- Сатыбалдиева Айнара Марданқызы — D002 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бағдарламалар тобы, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ;
- Нурманова Айсулу Каиргалиевна — D074 «Қаржы, банктік және сақтандыру ісі» бағдарламалар тобы, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ;
- Макашев Шынтас Амангельдиевич — D014 «Биология педагогтерін даярлау» бағдарламалар тобы, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ;
- Ахметов Талгат Русланович — D018 «Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау» бағдарламалар тобы, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ;
- Какимова Данекер Медетовна — D017 «Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау» бағдарламалар тобы, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ.
Әріптестерімізді осы маңызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Докторантурадағы білім алу жолында толағай табыс, тың ғылыми ізденістер, нәтижелі зерттеулер мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!




