1 қыркүйек – Білім күніне орай Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Конституция және жастар: құқық пен жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Кураторлық сағаттарды КЯЛ Т-111 тобының эдвайзері Казкенова Г.У. және МУЗ-111 тобының эдвайзері Жұбанова Қ.М. өз топтарымен жеке өткізді.
Кураторлық сағат барысында 1 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар студенттерге университеттің ішкі тәртіп ережелері, оқу үдерісіне қойылатын талаптар, студенттердің құқықтары мен міндеттері, академиялық әдеп нормалары түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттерге университеттің оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысу, ішкі тәртіп талаптарын сақтау, оқытушылар мен топтастарын құрметтеу және студенттік міндеттерін жауапкершілікпен орындау жөнінде түсінік берілді. Сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі туралы ой қозғалып, студенттер тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісті.
Кураторлық сағат жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастап, 1 курс студенттерінің университет ортасына бейімделуіне, құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

