2026 ж. 23 сәуір күні Каленова Ж.М., I курс студенттер ББ «Сәулет» Толганай Кауантай и Нуржаркынбек Мадиюлы Достық үйінде Ғылыми-сараптамалық топ жанындағы Жас ғалымдар клубының жылдық жоспарына сәйкес Ғылым күніне орай «Тұлға – Ел – Тарих» атты танымдық әрі тағылымдық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – тарихи тұлғалардың ел дамуы мен ұлттық сананың қалыптасуындағы рөлін айқындау, жас зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету, сондай-ақ жастардың тарихи санасы мен отансүйгіштік рухын нығайту болды.

Шара қазақ халқының көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты оның рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялаумен басталды. Бұл – тұлғаға деген құрмет пен рухани сабақтастықтың айқын белгісі еді.

Семинар барысында қатысушыларға тарихшы-ғалымдар мен жас зерттеушілердің мазмұнды баяндамалары ұсынылды. Атап айтқанда:

– «Тұлға және ұлттық феномен: жеке адам мен тарихтың өзара байланысы»;

– «Ғұмар Қараштың ұлттық рухты жаңғырту идеялары»;

– «Ғылымға жол: Қонаев дәуірінен бүгінге дейін»;

– «Қадыр Мырза Әлі: ұлттық рух пен зияткерлік қоғамның алтын діңгегі».

Бұл баяндамаларда тарихи тұлғалардың ел тағдырындағы орны, олардың идеялық мұрасы мен қазіргі қоғам үшін маңызы жан-жақты талданып, ғылыми тұрғыда негізделді.

Сонымен қатар, семинар барысында Қадыр Мырза Әлі мен Мұхтар Шахановтың шығармаларынан рух беретін жыр шумақтары оқылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Аталған шараға Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, жас ғалымдар, тарихшылар, оқытушы-ғалымдар және жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, белсенділік танытқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Жас ғалымдар клубы ұйымдастырған «Тұлға – Ел – Тарих» атты танымдық семинар ғылыми мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтуге бағытталған маңызды алаң ретінде өз деңгейінде өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz