2026 жылғы 16–20 наурыз аралығында 6В07205 – «Тамақ өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері «Пром ресурс білім беру орталығы» ЖШС базасында көлемі 40 сағатты құрайтын біліктілікті арттыруға арналған арнайы курстан сәтті өтті.
Оқу бағдарламасы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға, теориялық дайындықты тереңдетуге және оны нақты өндірістік жағдайларға барынша жақын ортада тәжірибеде қолдануға бағытталды. Курс барысында білім алушылар тамақ өнеркәсібіндегі заманауи технологиялармен танысып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сапаны басқару жүйелерін енгізудің негізгі аспектілерін меңгерді.
Бағдарламада шикізаттың өзіндік құнын есептеу, оның сапасын бақылау, технологиялық жабдықтардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері, өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Курстың практикалық бөлімі нақты өндірістік процестерді модельдеуге негізделген тапсырмаларды орындауды қамтыды, бұл студенттердің алған білімдерін бекітіп, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Оқу нәтижесінде қорытынды аттестация сәтті тапсырылып, оның нәтижелері бойынша барлық қатысушыларға белгіленген үлгідегі біліктілікті растайтын куәліктер табысталды.
Аталған курсты жүзеге асыру болашақ мамандарды даярлауда маңызды кезең болып, олардың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін өндіру саласында кәсіби дайындықтарының қалыптасуына ықпал етті.