Қоршаған ортаның тазалығы – қоғам мәдениетінің айнасы. Осы қағиданы басшылыққа алған Құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары «Тазалық акциясы» аясында оқу ғимаратының ауласында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, аумақты абаттандыруға белсенді түрде атсалысты. Аталған шараның негізгі мақсаты – оқу орнының аумағын таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және білім алушылар арасында табиғатқа жанашырлық көзқарасты дамыту болды.

Акция барысында кафедра ұжымы мен студенттер аула аумағын қоқыстан тазартып, жапырақтар мен құрғақ бұтақтарды жинады, көгал аймақтарды ретке келтірді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолының жиектері тазаланып. Қатысушылар аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп, тазалық жұмыстарын ұйымшылдықпен әрі жауапкершілікпен атқарды.

Іс-шараға қатысушылар мұндай акциялардың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Тазалық жұмыстары барысында студенттер еңбекке баулып қана қоймай, ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға, ортақ іске жауапкершілікпен қарауға дағдыланды. Бұл өз кезегінде білім алушылардың экологиялық санасын қалыптастырып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына ықпал етеді. «Тазалық акциясы» – тек бір күндік шара емес, бұл – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам. Құқық кафедрасының ұйымдастыруымен өткен сенбілік оқу орнының аумағын көркейтіп қана қоймай, қатысушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырды. Таза аула – жайлы білім алу ортасының кепілі. Осыған орай, кафедра ұжымы барлық білім алушыларды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.

Осындай игі шаралар оқу орнының имиджін арттырып, білім алушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ ұйымшылдық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосады. Құқық кафедрасы алдағы уақытта да «Таза аула – таза орта» қағидатын негізге ала отырып, экологиялық бағыттағы іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz