2025-2026 оқу жылының қысқы сессиясының қорытындысы бойынша бос білім беру гранттарының иегерлері анықталды.
Біздің университеттің білім алушылары жоғары академиялық жетістіктері, табандылығы мен білімге деген ұмтылысының арқасында мемлекеттік білім беру гранттарына ие болды.
Грант иегерлерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы оқу жолында жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Сіздердің табыстарыңыз – университетіміздің дамуы мен абыройының айқын көрсеткіші.
Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, болашақта білікті маман атануларыңызға тілектеспіз!